Керегесі кеңейген «Достық үйінің» жоспары да артты
Облыстық «Достық үйінің» алдағы жоспарлары көп. Барлық ойға алған істің негізгі мақсаты ортақ: қоғамдық келісім маңыздылығын насихаттап, жастарды мәдени іс-шараларға тарту. Алдағы істер қатарында- достық балы, ШҚО Достық үйлерінің мұражайына экскурсия, халық билерінің байқауы,медиация бойынша олимпиада сынды тың жобалар бар. Сонымен бірге Елбасы жолдаулары мен бағдарламаларын түсіндіруге арналған басқосулар мен қолөнерді үйретуге орай өткізілетін шеберлік сағаттары, «Рухани жаңғыру » бағдарламасына бойынша вариативті дәрістер, этнобайқаулар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары да көпшілікке қызықты болары сөзсіз.
-Мәдениет үйінің ғимаратына көшкелі бері тынысымыз ашылды деуге болады. Этномәдени ұжымдардың да шабыттары шарықтап, құлшыныстары артты. Әрине кең жердің аты кең жер,-дейді «Достық үйінің» директоры Эльдар Төлеубеков.
Хореография, конференциялар мен ағылшын театры және қолөнершілер үшін де арнайы орындар бар. Достық үйінің аясында 24 шығармашылық топ жұмыс жасап, бірнеше би ұжымдары өнерлерін өрістетіп жатыр.
-Жаңа ғимаратқа көшуіміз біздің жұмысымызды да еселей түсуі керек. Осындай кең нысан ішінде жұмыс істеуге барлық қажыр-қайратымызды салып, қала тұрғындары үшін ең тартымды орынға айналуға күш салу керекпіз,-дейді Эльдар Төлеубеков.