KZ
Өскемен
+30°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған жылжымалы көрме наурыз айында сапарға шығады

29.01.2013, 18:00 126


Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайы наурыз айынан бастап Қазақстан футболының 100 жылдығына арнап жылжымалы көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мұражай қызметкерлері маңайдағы елді мекендерді араламақшы.

Мұражай қызметкерлері сонымен қатар қазақстандық футболдың тарихына арналған стационарлы көрмені ашсақ дейді. Мамандар екі айдан бері 1912-1913 жылдардың тарихынан сыр шертетін ескі суреттерді, сол уақыттағы әр түрлі спорттық атрибуттарды жинастырып келеді.

Мұражай жәдігерлерінің бірі – семейлік футбол командасы ардагерлерінің 1963 жылы түсірілген суреті. Мұражайшылар отандық футболдың өткені мен бүгінгі күнге дейінгі тарихын жан-жақты қамтуды мақсат етіп отыр. Қазір мамандар мұражайға құнды жәдігер ретінде сирек кездесетін заттарды бере алатын футбол ардагерлерінің ұрпақтарын, басқа да жанашырларды іздестіруде.
-
Отандық футболдың мерейтойына бүкіл семейліктер ерекше дайындық үстінде. Өйткені Семей шаһары қазақстандық футболдың тарихи отаны болып саналады.

Дәл осы қалада алғашқы «Олимп», «Ласточка», «Орлята» және «Ярыш» командалары құрылған болатын. Атақты «Ярыш» командасының құрамында белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов ойнаған болатын.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив