KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Ауылдық округ әкімдері есеп беруде

17.01.2013, 18:00 223


Елбасының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде атқарылған жұмыс туралы есеп береді.Кестеге сәйкес 2013 жылдың 14 қаңтарынан 24 қаңтарға дейінгі аралықта ауданның, қаланың кент және ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері өткізілуде.

Жуықта осындай кездесу өткізілген Северный ауылдық округіне Феклистовка, Ермаковка және Северный атты үш ауыл қарайды. Осы аты аталған ауылдарда болып жатқан өзгерістер, жетістіктер, не болмаса, орындалмаған жұмыстар жайында есеп беру кездесуінде кеңінен әңгімеленді. Округ әкімі Ғәлияш Воробьева баяндама жасады.

Ауылдық өңір болғандықтан, әрине, мұнда мал шаруашылығы басым. Северный ауылдық округі бойынша ірі қара мал саны - 1066, ұсақ мал 1495, шошқа - 548, жылқы 387 басқа көбейген екен.

Жылқы өсіруде «Еламан» шаруашылығының еңбегі айтарлықтай. Сондай-ақ, округ ауылдарында құс та өсірілуде. Және де омарташылық көзі - 581, өсіріліп жатқан қоян саны 77-ге жеткен дейді өз есебінде Северный ауылдық округінің әкімі Ғәлияш Воробьева.

«Жұмыспен қамтамасыз ету-2020» бағдарламасына орай тұрғындарымыздың бірі 12 млн. теңге несие алып, өз қаражатынан 3 млн. теңге қосып, құс өсіретін фирма ашты. Мұның нәтижесінде 17 тұрғынымызға жұмыс көзі табылды.Сонымен қатар, Феклистовканың 6 тұрғыны, Ермаковкадан - 1 тұрғын мал шаруашылығымен айналысу үшін шағын несие алуда» деді әкім.

Әкім сондай-ақ өз баяндамасында ауылдық округте орын алып жатқан келеңсіздіктерге де тоқталып өтті. Мәселен, Феклистовка-Өскемен бағытында жүретін автобус әлі бір де бір рет жүрмеген. Тендерді ұтып алған азаматтарға хабарласса, сан қилы сылтаулар айтады екен.
Ал «такси» қызметімен айналысып жүрген жандар заңды түрде тиесілі мекемеде тіркеуде жоқ, және де жолақы бағасы қымбат, шамамен 600 теңгеге дейін шырқап тұр екен.

Ал, енді ауылдық округтегі жағымды жаңалыққа да назар салсақ, ағымдағы жылда мегалайн қондырғысы орнатылатын болды. 30 спутникті антин Феклистовкаға беріліп отыр екен. Әзірше, 3 тұрғын мегалаин режимін орнату үшін өтініш білдірген. Демек, алдағы уақытта өтініш білдірушілер саны артады деген үміттеміз.

Арай Жунусова

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив