KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
480.55 533.75 5.36

«Семей – заман белестерінде» көрмесі ашылды

16.01.2013, 18:00 150


Кеше облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында «Семей -- заман белестерінде» фотокөрмесі ашылды,- деп хабарлайды ШҚО мәдениет басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген Altaynews.kz тілшісі.


Көрмеде Семей қаласы тарихи-өлкетану мұражайының алтын қорында сақталып келген XIX-XX ғасырларда түсірілген бірегей көне фотосуреттермен қатар қаланың жаңа келбеті бейнеленген жаңа фотосуреттер орын алған.

Қаланың кең көлеммен түсірілген көріністері, ғимараттар, көшелер, саябақтар, ескерткіштер, қалалықтар және өлке тарихына қатысты қызықты оқиғалар бойынша жасалған түсірілімдер көрменің негізгі өзегін құрайды.

XIX ғасыр соңындағы қаланың шет алқаптары бейнеленген түсірілімдер әуесқой фотосуреткер Ф.Трейеровтың жұмыстары болып саналса, XX ғасырдың бас кезіндегі қала көріністері ескі Семейдегі фотошеберхана иесі И. Дюковтың және К. Могилевцев, Ф. Белослюдовтың қолынан шыққан туындылары көрсетілген. Ал жаңа қала бойынша түсірілген заманауи фотосуреттерді В.Павлунин, Семей қаласы тарихи-өлкетану мұражайының фотосуреткерлері және «Фотолэнд» фотосалоны түсірген.

Фотосуреттердің көмегімен экскурсияға қатысушылар ескі қала келбеті мен оның тұрғындарын, осы күнгі көріністермен, ескі көшелерді жаңаларымен салыстыра отырып тамашалауға мүмкіндік алады. Көрме арқылы сондай-ақ, әр жылдарда шығарылған фотоаппарат үлгілерімен де танысуға болады.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив