KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семейде Отырар тарихынан сыр шертетін көрме өтіп жатыр

28.04.2013, 18:00 113


Семейде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының «Фараб – Отырар өркениеті» атты экспозициялық көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қаладағы өлкетану мұражайында ұйымдастырылған көрмеде семейліктердің назарына бұрынғы Отырар қаласы орнынан табылған аса сирек жәдігерлер ұсынылды. Қорық-мұражайдың қарамағына орта ғасырдағы 12 қала мен ауыл-аймақ қарайды екен. Оңтүстіктен келген ағайындар Семейге 200 шақты экспонаттар әкеліпті.

"Бұл жерде өте бағалы экспонаттар бар. Мәселен, 13-ғасырмен белгіленген алтын, күміс және қола тиындар. Сол кездері әйел адамдар таққан қымбат әшекей бұйымдар да кездеседі. Сондай-ақ, керамикалық ыдыстар мен еңбек құралдары да көрмеге қойылған, осының бәрі Отырардың аса бай тарихынан сыр шертеді", – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Семей өңірінің тарихы» бөлімінің бастығы Ләззат Әлжан.
Семейліктер көрмені 10 мамырға дейін тамашалай алады.

Раушан Нұғманбекова

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив