KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

70 жастан асқан өскемендік қарттарға қоғамдық көлікте жүру үшін өтемақы төленуі мүмкін

2.01.2013, 18:00 163


70 жастан асқан өскемендік қарттарға қоғамдық көлікте жүру үшін өтемақы төленуі мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

- Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осыдан бірнеше ай бұрын қала әкімшілігіне 70 жастан асқан қарттар қоғамдық көліктерде тегін жүруге тиіс деген тапсырма берген болатын. Бұл мақсатқа ай сайын 20 миллион теңге қажет екен. Қазір қалалық әкімшілікте осы мәселені шешу жолдары қарастырылуда, – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Гүлфариза Рамазанова.

Баспасөз хатшысының айтысына қарағанда, зейнеткерлердің қоғамдық көлікті қаншалықты жиі пайдаланатындары сауалнама арқылы анықталады. Содан кейін бұл шаруаға кәсіпкерлер тартылады. Тасымалдаушылар да әлеуметтік жауапкершілікті сезінулері керек.

Осылайша, қарттарға қоғамдық көліктерде жүргендері үшін мақсатты өтемақы төленуі мүмкін. Қариялар көлікте бұрынғысынша жолақысын төлейді, бірақ ай сайын өтемақы алып отыратын болады. Оның көлемі қазір есептеліп жатыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив