KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
441.8 480.02 4.88

Семей қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің полковнигін соңғы сапарға шығарып салды

30.12.2012, 18:00 193


Семей қаласындағы офицерлер үйінде Шымкент маңында апатқа ұшыраған Ан-72 үшағында қаза болған, ҚР ҰҚК шекара қызметінің полковнигі Ерғали Нұрғазыұлы Нұрлашевті соңғы сапарға шығарып салды.

Қаралы жиынға облыс әкімінің орынбасары А.Шерубаев, Семей қаласының әкімі А.Кәрімов, марқұмның туыстары мен әріптестері, жолдастары, «Восток» аймақтық командованиенің әскери қызметкерлері, қала жұртшылығы қатысты.

Полковник Ерғали Нұрғазыұлы Нұрлашев 1968 жылы 23 маусымда бұрынғы Жаңа-Семей ауданының Бірлік ауылында дүниеге келген.

1989 жылы Дзержинский атындағы Жоғары шекарашылардың командалық училищесін, 1999 жылы ҚР ҰҚК –нің Академиясын тәмамдаған.Қызметтік борышын адал атқарғаны және мемлекеттік шекараны қорғау ісіне қосқан өлшеусіз еңбегі үшін көптеген медальдармен, ведомстволық құттықтаулармен марапатталды.

1989 жылдың тамыз айынан 2012 жылға дейін ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2012 жылдың тамыз айынан бастап ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Бас басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Ерғали Нұрғазыұлының артында әйелі, екі қызы қалды.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпарат секторы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив