KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Семейде шекарашылар қазасына байланысты қаралы жиын өтті

27.12.2012, 18:00 136


Ұшақ апатынан қаза тапқан шекарашыларды жалпы ұлттық аза тұту күнінде Семей қаласында Достық үйінде ҚР ҰҚК шекара қызметі № 2098 әскери бөлімінің офицерлері, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, соғыс және еңбек ардагерлері, интернационал-жауынгерлер, ұлттық-мәдени орталықтың өкілдерінің қатысуымен қаралы жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бас қосу бір минут үнсіздіктен басталды. Жиналған қауым қаза тапқан шекарашылардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Жиын барысында Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов айтып өткендей, «қаза тапқан шекарашылар келешектерінен мол үміт күттірген, біздің шекарамызды қорғау жағынан тәрбие беретін азаматтар еді. Сондықтан өзімнің атымнан, Семейдің ардагерлері атынан көңіл айтамын. Шейіт болып кеткен азаматтардың топырақтары торқа болып, жанұяларына келешекте ынтымақ пен береке берсін».

Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық ұйымының төрағасы Боранбай Бегатов атап өткендей, «бүгінгі іс-шараны қала қоғамы 25 желтоқсанда ұшақ апатында қаза болған шекарашыларға арнап отыр. Бүкіл республика, оның ішінде Семей қаласы да тыныштығымызды қорғаған, болашағынан мол үміт күттірген шекарашылардың жанұяларына көңіл айтады. Қаза тапқан азаматтар арасында жерлесіміз, Шекара Қызметінің Бас басқармасы бастығының міндетін атқарған полковник Нұрлашев Ерғали Нұргазыұлы да болып еді. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Өмірлері қыршыннан қиылған азаматтар жадымыздан мәңгі өшпейді. Оларды бүкіл Қазақстан ұмытпайды».

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив