KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Бүгін алғаш рет сөзжұмбақ басылып шықты

20.12.2012, 18:00 185


21 желтоқсан күні The New York World газетінде алғаш рет сөзжұмбақ басылып шықты. Дәл осы күн әлем бойынша сөзжұмбақтың туған күні саналады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Дегенмен, бұл деректер көптеген кереғарлықтарға толы. Ағылшындықтар тұңғыш сөзжұмбақ өз елдерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғандығына сенімді. Ағылшындықтар сөзжұмбаққа қатты ұқсас ойынның авторы деп Майкл Девисті біледі, оның ойындары лондондық «Тайм» газетінде жарияланып отырды.


Дегенмен, АҚШ тұрғындары ағылшындықтардың пайымына үзілді-кесілді қарсы және сөзжұмбақ өзінің қазіргі кейпінде 1913 жылы 21 желтоқсан күні «Нью-Йорк уорлд» газетінің жексенбілік қосымшасы «Фан» («Забава») беттерінде басылып шыққандығын айтуда. Оны жасап шығарушы американдық журналист, Англия тумасы Артур Уинн. Ағылшындықтың идеясы бірден барлық американдықтардың көңілінен шықты. Редакцияға көптеген оқырмандардан хаттар келіп жатты. Бірақ, ең бастысы, сол уақыттан бастап, яғни 1913 жылдың 21 желтоқсаны алғашқы газеттік сөзжұмбақтың туған күні саналады және бұл дата Гиннес рекордтар кітабына енгізілді.
Бірақ, әлемде алғашқы сөзжұмбақтың пайда болуы туралы ең әдемі әрі романтикалық нұсқа Оңтүстік Африка Республикасына тиесілі. Ел халқының әңгімелеріне қарағанда, сөзжұмбақ ХХ ғасырдың басында пайда болды. Дәл осы уақытта автомобиль апатына кінәлі Виктор Орвилл есімді азамат сотталып, үш жылға түрмеге тоғытылды. Оның камерасының еденінде суреттері торға ұқсас болып келген тас плиталар болды. Іші пысқан Орвилл күндердің күнінде оларды бір-бірімен байланысатын сөздерге толтыра бастады. Олар біткен соң, өзіне жаңа ермек тапты - ойлаған сөздерді қағазға түсіріп, оларға тиісті анықтамаларды табу. Орвиллдің камераластары ойынды Капштадт (қазіргі - Кейптаун) қаласының ірі газетінің редакциясына жіберуді ұсынды. Орвилл дәл солай істеп, көп ойланбай ойынды «Квадраттармен әрлі-берлі» деп атады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив