KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 8 м/с, СБ
477.45 527.1 5.24

Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» («Кішкентай Ханзада») шығармасы қазақ тілінде басылып шықты

2.10.2013, 18:00 171


Антуан де Сент-Экзюперидің "Маленький принц" ("Кішкентай Ханзада") шығармасы қазақ тілінде екінші рет басылып шықты. Ұлттық кітапханада әлем әдебиетінің ең үздік шығармаларының бірі саналатын туындының аудармасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Туындыны Жанар Қонаева 2004 жылы қазақшаға аударып, алғаш рет қазақстандық оқушылар үшін шектеулі тиражбен басылған еді. Ол кезде кітап сауда айналымына түспеген-ді. Енді кез келген адам "Кішкентай Ханзаданы" кітап дүкендерінен сатып ала алады. Ең таңдамалы шығармалардың бірі болып саналатын еңбектің бастапқы аудармасы сақталып, тек мұқабасы ғана өзгертіліпті.

Аударманың авторы Жанар Қонаеваның айтуынша, 2004 жылы шығарма Францияның мәдениет бөлімінің қолдауымен тәржімаланып, басылса, биыл Франциялық Альянс Францияның Қазақстандағы жылы және «Кішкене ханзаданың» 70 жылдығы мерейтойына орай қайта басып шығару жобасын ұсыныпты. «Бұл бастаманы «Атамұра» корпорациясы қолдады», дейді Қонаева.

Тұсауесер рәсімінде Францияның Алматыдағы Бас консулы Патрик Ренар туындыдан қазақ тілінде үзінді оқыды. "Кішкентай Ханзаданың" екінші басылымының алғашқы даналарына балалардың "Мир маленького принца" атты сурет байқауының жеңімпаздары ие болды. Жас суретшілердің жұмыстарымен кітапхана фойесінде танысуға болады.

Кітап алғаш рет 1943 жылы 6-сәуірде Нью-Йорк қаласында басылып шықты.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив