KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Зайсандық тұрғынның есімі рекордтар кітабына енді

24.01.2019, 03:19 178

Бүгінде Зайсан қаласында тұратын, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қалибек Алтыбаевтың есімі Қазақстан рекордтар кітабына (2014-2018) енгізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кеңестік заманда ұзақ жылдар партия қатарында абыройлы қызмет еткен Қалибек Қизатұлы өмірінің көптеген жылдарын ұлы Абайдың шығармашылық мұрасын, оның өмірін, отбасылық, қоғамдық қызметін куәландыратын құжаттарды зерттеуге арнады. Қ.Алтыбаев осы мақсатта жинаған мәліметтері мен білімін оқырманға алып сөзжұмбақ түрінде ұсынды. Бұл 2017 жылы екінші рет «Абай әлемі» деген атпен 270 беттік көлемді кітап болып басылып шықты. Жерлесіміздің есімінің Қазақстанның рекордттар кітабына енуіне де аталған еңбегі негіз болды.


Айта кетерлігі, сөзжұмбақтың мыңдаған сұрағынан құралған фактілер кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан, ұлы ойшылдың өзінің шығармаларынан және өзге де ашық ақпарат көздерінен жиналған.


Бүгінгі күнге дейін Қалибек Алтыбаев сөзжұмбаққа, ел мен жер, өлке тарихына қатысты шыққан 22 кітаптың авторы. Қазір ұлы Абайдың алдағы 175 жылдық мерейтойына арнап 23-ші кітабын жазып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив