KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Шемонайхада түнде -50 градус аяз болды

13.12.2012, 18:00 99


Редакциямен хабарласқан шемонайхалықтардың айтуынша, 13-нен 14-ші желтоқсанға қараған түні қалада термометр бағанасы -50 градусқа дейін төмендеген, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Шығыс Қазақстан облысында желтоқсанның 15-18 аралығында ауа температурасы түнде -23-25, -30-35 градус, кей жерлерде -40 градусқа дейін төмендейді деген мәлімет таратқан болатын.

Бүгін таңертең КР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында барлық бағыттар бойынша автокөліктердің қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады.

Ақмола облысында барлық бағытта, Қарағанды облысында Молодежный мен Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралықта (1069-1135 км), Қызылорда-Павлодар бағытында жолдар жабылды делінген баспасөз парағында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив