KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Қазақстанда 12 әкім жылы орындарымен қоштасты

12.12.2012, 18:00 121


Әкімдердің қызметін бағалайтын рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстанда 12 әкім қызметінен босатылды.
Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбек мемлекеттік органдар аппараттарының жетекшілері мен жауапты хатшыларына арналған семинарда хабарлады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


«Біз екі жыл қатарынан сөз етіп келе жатқан мәселелердің бірі - әр деңгейдегі әкімдердің рейтингі. Бүгін Елбасының Жарлығымен аталмыш рейтинг бекітілді. Алдағы уақытта әкімдердің қызметтері осы рейтингтің қорытындысы бойынша бағаланатын болады. Дәл бүгін рейтингте төменгі көрсеткіштерді көрсеткен 12 әкім жұмыстарынан босатылады», деді Б.Байбек.

Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасарының айтуынша, рейтинг жұмыстың тиімділігін көрсететін 45 позициядан тұрады. Егер әкімнің қызметінің көрсеткіштері белгілі бір мерзімде жақсармаса, ол шенеунікпен қоштасуға тура келеді. Бауыржан Байбек көрсеткіші нашар әкімдердің аты-жөндерін атаған жоқ.

Қазақстан қазіргі таңда мемлекеттік қызметті кәсібилікпен құру жолына өтуде. Алдағы уақытта саяси қызметтер саны 8 есеге қысқармақ. Олардың орнына келетін «А» корпусында тек кәсіби білікті мамандар ғана жұмыс істейтін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив