KZ
Өскемен
+20°
дождь жел 1 м/с, Ю
475.39 513.37 5.4

Өскеменнің автобустары аязда қатып қалды

11.12.2012, 18:00 99


Өскемен қаласында бүгін қатты аяздың салдарынан 54 автобус пен 18 маршрутты такси жұмысқа шыққан жоқ. Өскемен қаласы жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының бастығы Владимир Панковтың берген деректеріне сүйенсек, бүгін 7.30-да 300 автобустың 246-ы, 91 маршрутты таксидің 73-і ғана рейске шыққан.


Суықта жүрмей қалған көліктердің ішінде тоғыз жаңа автобус бар. Мұның аяғы 42,33,55 маршруттарының сирек жүруіне әкеліп соқты. Көліктердің бұзылуының негізгі себептері – двигательдердің қатып қалуы, тежегіштердің істен шығуы.

– Мұндай жағдай жылда алғашқы аязды күндері қайталанады,– дейді Владимир Георгиевич.– Қазір орын алған олқылықтарды жоюға тырысып жатырмыз, түске таман жағдай орнына келеді деп ойлаймын.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив