KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Бүгін - Дүниежүзілік ақпарат күні

25.11.2012, 18:00 73


Дүниежүзілік ақпарат күні - БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік кеңестерінде бас консультативтік дәрежесі бар Халықаралық ақпарат академиясы мен Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің бастамасымен 1994 жылдан бастап жыл сайын 26 қарашада атап өтіледі. 1992 жылы бұл күні Ақпараттандырудың алғашқы халықаралық форумы өтті. Бүгінде Дүниежүзілік ақпарат күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде атап өтіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz

Ақпарат қазіргі әлемдегі ең басты құндылықтардың бірі деп те атауға болады. «Ақпараты бар адамның қолында - әлем бар» деген сөздер бәріне таныс. Ақпараттың саны күннен-күнге үдемелі қарқынмен арту үстінде. Бұрын армандай алмаған сандық технологиялар - компьютерлер, ұялы телефондар, интернет, планшетниктер, бүгінгі күннің ажырамас бөлігіне айналды.

Бірақ онымен бірмезгілде әртүрлі мазмұндағы ақпараттар массасының артуы да болып жатқандығын атап өту керек. Ол «ақпараттық жарылыс» деп аталады. Соңғы уақыттары психологтар ақпараттық технологиялар мен алынып жатқан ақпаратты дұрыс пайдалануды білмеу, нақтырақ айтқанда, оның сапасы мен көлемін қадағалай алмау «ақпараттық күйзелістерге» алып келеді. Ал мұның арты әлеуметтік зардаптарға және денсаулық проблемаларына ұласуы мүмкін.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив