KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
491.71 529.97 5.05

«Сыбағаның» сыбағасын алғандар көп

18.11.2012, 18:00 298


Шыңғыстау өңірінде мал тұқымын асылдандыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Соның айғағындай, қазірде аудан бойынша асыл тұқымды мал өсірумен шұғылданып жатқан шаруа қожалықтарының саны қырыққа жуықтап қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Абай ауданында 24 шаруа қожалығы асыл тұқымды қой малын өсірумен шұғылдануда. Өңірде мал шаруашылығын қайта жаңғыртып, малдың генетикалық әлеуетін арттыру мақсатымен тек үстіміздегі жылдың тоғыз айында аграрлық несие корпорациясы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 140 миллион теңгеге жеті жүзден астам қазақтың ақ бас сиыры мен елу асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша сатып алынған осынша мал алты ауылдық окургіне таратылып берілген.

Сонымен бірге ауданда «Жайлау» бағдарламасын жүзеге асыру да өз шешімін табуда. Осы мақсатпен ауданға облыстық бюджеттен елу миллион теңге қаражат бөлініпті. Аталған бағдарламаға жауапты операторлар екі мыңнан астам қой малын заңды түрде таратып үлгергенін естіп біліп отырмыз.

Ауданда қымыз өндіру мәселесі де назардан тыс қалып отырған жоқ. Солайша «Сыбағаның» сыбағасы, «Жайлаудың» байлауы ел игілігіне жаратылып жатыр. Ауданда өткен үш тоқсанның қорытындысы бойынша ет, сүт өндіру біршама артығымен орындалса, енді оған жоғарыдағы бағдарламалардың нәтижесі де үлкен үлес болып қосылатындығына еш күман жоқ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив