KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

«Сыбағаның» үлесі Семейде артып келеді

31.10.2012, 18:00 164


Бүгінде Семейде 460 шаруа қожалығы бар. Қожалық иелерін мемлекет қамқорлыққа алып, жеңілдіктер мен субсидиялар беруде. Ет өндіруді арттыру үшін семейлік шаруашылықтар «Сыбаға» бағдарламасына арқа сүйеуде, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Сыбаға» бағдарламасы қожалық иелеріне жақсы мүмкіндіктер тудыруда, мәселен, биыл осы жоба аясында 52 млн. теңге бөлініп, 200 бас ірі қара малы сатылып алынған. Ірі қара өсіруші шаруа қожалықтарының қатары артып, олар 13-ке жетіп отыр. Келер жылға тағы да 18 қожалық 540 бас ірі қара малын алу үшін тапсырыс беріпті. «Приречное» агрофирмасы ет бағытындағы мың бас ірі қараны Венгриядан әкелмек. Ал «Нұр» қожалығы 320 асыл тұқымды мал сатып алмақ. Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Ауданбек Қаратаевтың айтуынша, Бородулиха және Сосновка шаруашылықтары шетелдік сапалы мал басын сатып алу үшін несиелер алуды жоспарлауда.

– Біздің мақсатымыз – шаруа қожа-лықтары неғұрлым көбірек аналық мал басын сатып алуы, – дейді «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ-ның филиал бастығы Гүлнұр Солтанбаева, – сонымен қоса асыл тұқымды бұқаларды да сатып алу қажет. Биылдан бастап мемлекет бір басқа 16 мың теңге субсидия беріп отыр. Несиені қайтару мал басын өсіріп болған соң, екі жыл өткенде басталмақ. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, бірақ талапты орындамағандардың тізімі прокуратура-ға, қаржы полициясына тапсырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив