KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
439.4 473.54 4.76

Әскерге бойшаңдар ғана барады

16.10.2012, 18:00 133


Енді денсаулығыңмен қатар жоғары білімің, мамандығың, моральдық мінез-құлқың, спорттық дайындығың да есепке алынады. Оның үстіне жаңа талап бойынша бойы 165 сантиметрден аспайтындар Қарулы Күштер қатарына қабылданбайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қазан айынан бастап Семейде 18–27 жас аралығындағы жастар медициналық комиссиядан өтуде. Әскер қатарына шақыру бөлімінің бастығы Мақсұт Тілеубаевтың айтуынша, әрбір әскери бөлімнің өзіндік талабы бар.

Биыл Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру шарттарын күшейтіп отыр.

Республикалық гвардияға баратындардың бойлары 178 сантиметрден, ал жаяу әскер мен аэромобилді күштер қатарына қабылданатындар 170 сантиметрден аласа болмауы қажет. Бүгінде әскер қатарына 1990 жылы туылғандар шақырылуда.

Олардың басым көпшілігінің денсаулығы мәз емес дейді дәрігерлер. Мамандардың анықтауынша, жастардың көбінің асқазандары сыр берген, сколиоз, көз аурулары да жеткілікті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив