KZ
Өскемен
пасмурно жел 6 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Балқарағай жаңғағын жалпақ жұртқа танытпақ

21.09.2012, 18:00 225


БалқарағайКеншілер қаласы – Риддердің тұрғындары балқарағай жаңғағының мерекесін атап өтуге әзірлік үстінде. Бұл идеяны жергілікті журналист Валерий Крушинский ұсыныпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Риддер аймағында балқарағай жаңғағын жинау маусымы тамыз айының ортасынан бас-талып, шамамен бір айға созылады. Сол себепті айтулы күнді атап өту уақытын қыркүйектің аяғында белгілеген дұрыс деп отыр.

Жоба авторының сөзіне қарағанда, басқа қалаларда өздерінің тойлайтын «меншікті» мерекелері бар. Мысалы, Алматыда Бауырсақ күні, Өскеменде Бал күні дегендей. Ал Риддерде ондай ештеңе жоқ. Сондықтан балқарағай жаңғағының күнін мерекелеу идеясына жергілікті әкімдік қолдау білдірген.

Бұл мейрам қандай да бір артық шығынды, ағыл-тегіл шашылуды қажет етпейді. Есесіне, осы шара арқылы жергілікті тұрғындар сүйіп тұтынатын жаңғақтың жалпақ жұртқа танымалдығын арттырып, халық-тық өнім екендігіне көз жеткізуге болады.

– Мерекеде ақындар балқарағай жаңғағына арналған өлеңдерін оқып, әншілеріміз оны әнге қосып шырқаса... Сол сияқты кішкентай балалар жаңғақтан әртүрлі дүниелер жасап сайысқа түсіп жатқанда үлкендер жағы жәрмеңке ұйымдастырып, қылқан жапырақты ағаш өнімі мен шипалы майын саудаласа, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Валерий Крушинский.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив