KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

ШҚО-ның полиция қызметкерлері жаңа автокөлікпен жүреді

12.09.2012, 18:00 97


Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Аблакетка аумағындағы ішкі әскерлердің №5518 оқу-жаттығу өткізетін алаңына барып, тәртіп сақшыларының дайындығын көзбен көрді. Сондай-ақ, қалалар мен аудандардағы учаскелік полиция қызметкерлеріне автокөліктің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ең әуелі аймақ басшысы қалалық ішкі істер басқармасының «СОБР» арнайы жасақталған сарбаздарының жаттығуына куә болды. Сайдың тасындай іріктелген сарбаздар содыр-сотқарлармен қоян-қолтық кездескенде қалай төтеп беретіндерін көрсетті. Облыс Әкімі олардың дайындықтарына ризашылығын білдіріп, тұрмыс-жағдайларын сұрап білді. Сондай-ақ, заманауи әскери техикалармен таныс-ты. Мұнда өткен дәуірде қолданылған құралдардан бастап бүгінгі қолданыстағы қару-жарақтың озық үлгілері де тұрды.

Бұдан кейін төтенше жағдайды қалыпқа келтіруге байланысты арнайы операция жүргізілді. Онда №6638 әскери бөлімінің арнайы мақсаттағы «Бүркіт» жасағы күрделі жаттығуларын көрсетті. Біз алысқанын алмай тынбайтын жаужүрек елдің ұрпағымыз ғой. «Сақтансаң, сақтаймын» дейтін қағиданы жадына сақтаған «Бүркіттің» сарбаздары қандай жағдайға болса да дайын екенін көрсетті. Түрлі кедергілерден асқан шеберлікпен, ересен сақтықпен өткен жауынгерлер ержүректілік танытты. Жасанды жарылыстар ұйымдастыр-ды. Барлығы сәтті аяқталды. Астанадан арнайы келген ІІМ ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Мұхамет-қали Сатовтың айтуынша, көрсетілген жаттығулардың барлығы ішкі істер қызметі мен ішкі әскерлердің, басқа да құқық қорғау және қауіпсіздік бөлімшелерінің тығыз байланыста жұмыс істейтінін көрсетті. Ол өңіріміздегі жауынгерлердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді.

Сан түрлі сындардан сүрінбей өткен сарбаздардың жаттығуынан соң облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ пен облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов су жаңа 53 «Ниваның» кілтін үлестірді.

– Құрметті полиция қызметкерлері, еліміздің, қоғамымыздың тыныштығы тікелей сіздерге байланысты. Өкінішке қарай, бізде экстремизм мен тер-роризмнің кейбір элементтері бар. Соған ішкі істер саласының қызметкерлері әр уақытта дайын болу керек. Біз жаңа сарбаздардың дайын-дығын көрдік. Сіздерге жан-жақты көмектесуіміз керек. Бүгін осында жинаудағы мақсатымыз – елді мекендердегі елдің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті сақтап жүрген сіздерді көлікпен қамтамасыз ету. Бұл көлік сіздердің жұмыстарыңыздың жедел, тез шешілуіне көмегін тигізеді. Біз полиция қызметкерлеріне жылына 50-80 автокөлік тапсырып келеміз. Материалдық-техникалық базаны нығайтуды әрі қарай да жалғастыратын боламыз, – деді аймақ басшысы көлік тапсыру салтанатында.

Бұл жолы темір тұлпарға қол жеткізгендер – Өскемен, Семей қалаларының, Бородулиха, Аягөз, Глубокое, Зайсан, Жарма, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар, Бесқарағай аудандарының қызметкерлері.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz


– Бұл қызметтік автокөліктер біздің қызметкер-лердің жұмысын анағұрлым жеңілдетеді. Әрі бұл көліктер кез келген жолдарда жүре алады. Мемлекеттің осындай қамқорлығын көріп отырған қызметкерлер бұрынғысынан да жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын, – деді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов.

Темір тұлпар мінген әрбір тәртіп сақшысы темірдей тәртіппен еліміз үшін адал қызмет ететіндеріне ант беріп аттанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив