Таиланд Корольдігінің Ұлттық ассамблеясы Қазақстанның ядролық қаруды таратпау және оны қолданудан бас тарту ісіндегі бастамаларын қолдайды.
Бұл туралы кеше бұрынғы Семей ядролық полигонындағы GRAND ZERO жарылыс кіндігінде Таиланд Ұлттық жиналысы өкілдері Палатасының шетелдік істері жөніндегі төрағасы Сунай Чулпонгсаторн мәлімдеді.
Ол бүкіл әлемнің парламентшілері ядролық клубтың барлық елдерін ядролық қарудан бас тартуға шақыруға міндетті екенін атап өтті.
«Ядролық қаруды өңдемеу, шығармау, қолданбау! Таиланд ядролық қаруды таратпау туралы келісімге барлығының қол қойғанын қалайды!», - деді Сунай Чулпонгсаторн.