KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

«Шегірткеден қорыққан егін екпес»

15.08.2012, 18:00 343



«Шегірткеден қорыққан егін екпес» деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Өйткені, осынау өсімдік зиянкесі бір көбейіп алса, оның үстіне қанаттанып ұшса, егін мен бау-бақшаны тып-типыл отап кететіні анық.

Бетін ары қылсын, дегенмен биыл диқандар үшін ондай қауіпті кезең өтіп кетті, енді өсімдік зиянкестері үшін алаңдамауға болады» дейді маман-
дар.

Жалпы, биыл көктемнің салқын әрі ылғалдың аз болуы өсімдік зиянкестерінің бас көтерулеріне көп мүмкіндік бермепті. Оның үстіне республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 67 мың гектар алқапқа өңдеу жұмыстары жүргізілген. Шегіртке мен шалғын көбелегі сияқты зиянкестердің көзі құртылыпты.

– Жерүсті өңдеу жұмыстарын «Фитосанитария» РМК-ның жеті техникасы жүргізді. Ал «Феникс» ЖШС алты ұшақпен аспаннан у дәрі шашты, – дейді осы орайда Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық басқармасының бөлім
бастығы Берікбол Дүсіпов. – Қазір шегіртке-лерден келер қауіп толық жойылды. Ал олардың жұмыртқалайтын орнын анықтау мен қанша таралатынын республикалық «Диагностика және болжамдар орталығы» мекемесінің мамандары зерттеп, бақылап отыр.

Облыс, республика аумағына өсімдік зиянкестерінің көрші мемлекеттерден де келуі мүмкін екендігі ескеріле отырып, ауыл шаруашылығы министрліктерінің өзара келісімшарттарына орай Ресей мен Қытай Халық Республикасының мамандары маусым айында біздің облысымызда болып, шегірткенің жоқ екендігіне көздері жетсе, біздің облыс мамандары да шілде айында көрші елдердің шекаралас аумақтарына бақылау жасап қайтыпты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив