KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Зайсан ауданында шегіртке қаптап кетті (ВИДЕО)

5.08.2019, 11:17 162

Зайсан ауданына қарасты Шілікті мен Тасбастау ауылдарында шегіртке қаптап, жайылым мен бақшаны отап жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шаруалар шегірткелермен күресе алмай әлек. Қаптаған зиянкестер жайылымның түгін қалдырмай отауда. Ауыл жұрты төрт-түлігіміз азықсыз қалса қайтеміз деп дабыл қағуда.

– Бақшаға да, шабындыққа да түсіп жатыр. Әуелі адамға соқтығасады. Мәшіннің радиаторларына ұшып, бітейді. Әбден мазамызды қашырды, – дейді ауыл тұрғындары.

Осы мәселе бойынша Зайсан ауданы ауыл-шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарына хабарласқан едік.

– Ауылдарға барып, бұл жағдайды бақылап қайттық. Дәрілеу жүргізілген жоқ. Себебі, бұлар - жергілікті шегірткелер. Үйірлі де емес. Зиянкестермен күресті шаруа қожалықтары өз қаражаттары арқылы ғана жүргізе алады. Бір текше метрде 8 шегірткеден асып кетсе ғана қаражат бөлінуі мүмкін. Ал әзірше шегірткелер айтарлықтай көп емес, – дейді Зайсан ауданы ауыл-шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Мұратхан Қиямазанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив