KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Көктемгі егіс қамында

15.02.2018, 04:37 221

Көктемгі егіс науқанына тракторлардың 90 пайызы, өңдеу, егу техникалары 89 пайызға дайын. Науқандық жер жырту, егін салу жұмыстарына Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы 25 мың тонна жағармай бөлінбек.


Ақпан ортасынан ауғанымен  Шығысқа  қар тым аз түсті. Содан да болар көктемнің қамына кірісіп жатқан диқандардың көңілі жанар-жағармай, тұқым, техникамен қоса ауа райына да ауып тұр.


Биыл  1 357,3 гектар жерге  егілгелі отырған егін алқабы былтырғыдан 40,9 мың гектарға артық. Көктемгі егіске 96 мың тонна астық дақылдары тұқымы қажет болса, күзде қоймаға салынып, сақталған 102 мың тонна тұқым оған артығымен жетерлік. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметтерінен картоп, күнбағыс тұқымы, көпжылдық шөп тұқымы да толық жеткілікті екенін көріп отырмыз.


Ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы, егіншілік, механикаландыру, тұқым және техника бөлімінің басшысы  Әділет Тулеутаев көктемгі егіс науқанына тракторлардың 90 пайызы, өңдеу, егу техникалары 89 пайызға дайын екенін айтады. Науқандық жер жырту, егін салу жұмыстарына Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы 25 мың тонна жағармай бөлінбек. Өткен жылдың желтоқсанында облысқа «ҚазАзот» «Қазфосфат», «Қазагрокоммерц», «Еврохим» зауыттарының өкілдері келіп, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен  тыңайтқыш, гербицид өндірушілер арасында сатып алу жөнінде   келісім жасалған.   Қазір олармен  29 мың тоннаның минералды тыңайтқыштарын сатып алуға  келісім бар.


Аймақта бидай  597,7 мың гектарға, күнбағыс 412,9 мың, картоп 21,7 мың, көкөніс, бақша өнімдері  12,8 мың гектарға егіледі. Ылғал сақтау технологиясы 481 мың гектар егіс алқабына пайдаланылып,  90 мың гектар егістік  суармалы әдіспен өсірілмек.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив