KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Өскеменде жаңа орталық жұмысын бастады

7.08.2012, 18:00 265


Бүгінгі күні облысымызда автокөліктерді тексеруден өткізетін 32 техникалық байқау орталығы жұмыс істеп жатыр. Олардың 12-сі Өскеменде орналасқан.

Жуықта Өскеменде көліктерді техникалық байқаудан өткізетін тағы бір жаңа орталық өз жұмысын бастады. Кәсіпкер Тимур Сауытбаев ашып отырған орталық қазіргі заманға сай франциялық тексеру құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған. Озық технологиялық тәсілмен өндірілген жаңа жабдықтар техниканың кез келген ақауын тауып, нақты анықтауға мүмкіндік туғызып отыр.

Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы көлік және көлік кешенін бақылау бөлімінің бастығы Миржан Ибраимовтың айтуынша, орталықтағы көліктерді тексеру ақысы 2,5 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейінгі аралықта болып отыр. Жекеменшік техникалық байқау орталықтарының көбеюі нарықтағы бәсекелестікті арттырып, қызмет көрсету сапасының жақсаруына ықпал етуде. Орталыққа тексеруден өтуге келген әр көлікті бақылаудан өткізу компьютерлік арнайы желі арқылы көліктік бақылау инспекциясы мамандарына көрсетіліп тұрады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив