Көліктің техникалық тексеруден өткені туралы мәлімет беретін автоматтандырылған жаңа жүйені енгізу жұмыстары қазан айынан басталмақ. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік қадағалау комитетінің төрағасы Бақыт Әбішев мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
– Жүйені енгізудегі мақсат көлік иелерінің уақытын үнемдеп, жұмыс-тарын жеңілдету, аталмыш жоспар қазір ішкі істер органдарына тапсы-рылып отыр. Жаңа жүйені жол полициясы іске асырады, олар автокөлік-терді тексеру талондарын талап етпей-тін арнайы құрылғылармен жабдық-талған, – дейді Бақыт Әбішев.
Комитет төрағасының айтуынша, енгізілгелі жатқан жаңа жүйе жүргізушілерге де, жол полициясына да ыңғайлы. Бұдан былай көлік иелері өзімен бірге техникалық тексерілу құжатын алып жүрмейтін болады. Жол полициясы жүргізушіні тоқтатқан кезде оның есімін жалпы базадан іздеп тауып, техникалық тексеру құжатын арнайы автоматтандырылған режим-де тексереді. Қазір облысымызда да техникалық тексеру орталықтары жұмыс істеп тұр екен.