KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,8 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Техникалық байқау орталықтарының бәсекелестік деңгейі қандай?

20.02.2012, 18:00 201


-Қазір техникалық байқау орталығын ашсам деп ниет білдірушілердің саны артты. Осыған орай біздің облыстағы бәсекелестік деңгейі қандай екенін білгім келеді.

Нұрхат Азатұлы, Семей

Сұраққа Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бастығы Бауыржан Шайдолла жауап береді:
-Біздің аймақта 12 техникалық байқау орталығы жұмыс істеп тұр, олардың үшеуі соңғы аптада ашылды. Бекет ашуға ниет білдірген тағы сегіз кәсіпкердің құжаттары инспекцияның қарауында. Дегенмен, ресейлік зауыттардың бізден түсіп жатқан тапсырыс ағынына шамалары жетпей жатқанын айтуымыз керек. Қазірдің өзінде олардың құрылғыларына деген кезек бір жылға бұрын жазылып қойылған. Біздің кәсіпкерлер басқа өндірушілерден сатып алса, қымбатқа түседі. Алайда ресейліктерден келіп жатқан қондырғылардан ақау шығып жатқанын да жасыруға келмес. Мысалы, қаңтар айында құрылғылардың ақаулығынан екі бекет жабылып қалды. Қазір қондырғылар өндірушілерге қайтарылған.
Бүгінгі таңда жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің жұмыс кестесі жасалынуда. Олар облыстың барлық аудандарымен жүріп өтеді. Бұл жерде де аздаған қиындық тууы мүмкін: құрылғылар аязда жұмыс істей алмайды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив