KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Сәресіге тұрмай-ақ ораза ұстауға бола ма?

5.08.2012, 18:00 206


http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/04/03/2011/08/03/322b03.jpg- Мен биыл бірінші рет ораза ұстаған едім. Сондықтан ба, сәресіге тұру маған өте қиын болып жүр. Менің білейін дегенім: сәресіге тұрмай-ақ ораза ұстауға бола ма?

Еркін


Бұл сауалға жауап Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлінің кітабынан беріліп отыр.

– Негізі ораза ұстаған адам сәресін ішуге тұрып, оны қалдырмағаны абзал екен. Сәресі – таң әлі атпай тұрып түннің соңғы мезгілінде ішілетін ас. Аллаһтың елшісі (САЛЛАЛЛАҺУ АЛӘЙҺИ УӘ СӘЛЛӘМ) бір хадисінде сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететіні, «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де оны үзбе. Өйткені, Аллаһ Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді» делінген.

Сәресі – ең берекелі уақыт. Ол – дұға, намаз оқып, Құран қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда ішкен абзал. Пайғамбарымыз (Саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл мәселеге қатысты: «ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта» деген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив