KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мәжіліс спикері Ольга Рыпакованы ғаламат жеңісімен құттықтады

5.08.2012, 18:00 121


Қазақстан қоржынына алтыншы "алтынды" сыйлаған Ольга Рыпаковаға Мәжіліс төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин үкіметтік жеделхат жолдап, оның ғаламат жеңісімен шын жүректен құттықтады.

Жеделхатта спикер Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің барлық депутаттық корпусы атынан Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиадалық ойындарда айрықша жеңіске жетіп, алтын медальға ие болуымен О. Рыпакованы шын жүректен құттықтайды.

«Бұл таңғажайып нәтиже, сол үшін біз мақтанамыз! Осынау жарқын жетістікке жетуіңізге ең алдымен ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауы арқасында мүмкіндік алдыңыз. Бұл сөз жоқ Сіздің жоғары кәсіптік шеберлігіңіз бен ерік-жігеріңіздің жемісі. Бүгінде Сіз Қазақстанның даңқын шығарып, секіріп қарғудан үздік болып отырсыз. Миллиондаған жерлестеріңіз Сізбен бірге шаттануда. Сізге зор денсаулық, жаңа жарқын жеңістер тілеймін!», - делінген спикер жолдаған құттықтауда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив