KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Чернобыльдың зардабын жоюға қатысқандарға қандай көмек бар?

11.06.2012, 18:00 337


– Менің әкем 1987 жылы Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан болатын. Қазір ауылдық жерде тұрады. Биылдан бастап оған қатысушыларға мемлекет тарапынан төленетін бұрынғы жәрдемақының көлемі өсіпті. Оның мөлшері қанша болды? Мемлекетіміз тарапынан басқа да көмектер түрі қарастырылған ба?

Қайрат Дәулет

Сауалға Шығыс Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының зейнетақымен қамту бөлімінің бастығы Жанна Самұратова жауап береді (байланыс телефоны 8(7232) 22-24-07):

– 1986–1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28-сәуірдегі №2247 Заңының 6-шы бабына сәйкес, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар» туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5-сәуірдегі №365-1 Заңының 7-бабына сәйкес, жеңілдіктері мен кепілдіктері бо-йынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін алуға құқылы. 2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап, жәрдемақы-ның мөлшері 9558 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 1988-1989 жылдарда Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарын жоюға қатысушылар арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін алуға құқылы. 2012 жылдың 1-қаңтарынан бастап, ол жәрдем-ақының мөлшері 3296 теңгені құрап отыр.

Редакциядан. Құзырлы органдардан сұрап білгеніміздей, денсаулықтарын құртып, апаттың салдарын жоюға қатысқан азаматтарға бұл жәрдемақымен бірге жергілікті бюджеттен ауылдық жерлерде тұратындарға – 2 мың, қалалық жердегілерге –5 мың теңге көлемінде коммуналдық қызмет төлемдерінің өтемақысы төленіп келеді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив