KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

«Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім Шығыстағы тілдік ахуалды сараптады

11.06.2012, 18:00 124


Парламент жанындағы қоғамдық палата мүшесі, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім Ұлан, Глубокое, Көкпекті аудандары мен Риддер қаласында іссапармен болып қайтты.

Ол еліміз бойынша тілдік ахуалы күрделі саналатын төрт облыстың әрқайсысынан төрт ауданды аралауды көздеп отырған көрінеді. Ондағы басты мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тілдерді дамыту жөнінде жүктеген міндет-мақсаттарды түсіндіру, өңірлердегі тілдік ахуалды саралап, сараптау. Осы сараптаудың нәтижесі бойынша алдағы уақытта Парламент алдына мәселелер қойылып, нақты ұсыныстар жасалатын болады. Бұл сапар «Балаларыңызды қазақ мектебіне беріңіздер» атты қанатқақты жоба аясында ұйымдастырылып отыр.

Дос Көшім мектептерді оңтайландыру ісіндегі олқылықтарға куә болыпты.

– Мәселен, Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде бұрынғы қазақ мектебінің ғимараты спорт кешеніне беріліп, өздері орыс мектебіне көшірілмек екен. Яғни, бұрынғы екі мектептің орнына аралас білім ошағы жұмыс істейтін болады. Ал қазақ тілінде білім алушылардың саны күн санап артып келе жатқан аталған кент үшін бұл аса оңды шешім болмаған, – дейді «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымы облыстық бөлімшесінің төрағасы Абай Әнуарбекұлы.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив