KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 0,7 м/с, В
479.71 533.77 5.16

Біз қазақша сөйлейміз

13.04.2012, 18:00 321



Ұлан ауданының тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес дәстүрлі, жыл сайын өткізілетін «Біз қазақша сөйлейміз» атты байқау Таврия ауылында өтті.

Байқау Таврия орта мектебінің шағын орталығында 5-6 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылды. Мақсаты - балалардың мемлекеттік тілді білуге қызығушылығын ынталандыру.

Ұлты басқа бүлдіршіндердің қазақ тілінде сәлемдесуі, өлеңдер, тақпақтар айтуы тілдік ортаның қалыптаса бастағанын байқатты.
Өнерлерімен ерекшеленген Станислав Колесников, София Головченко, Милана Нестеренко, Роман Буряченко, Максим Еремеев, Ксения Павлуш, Лида Сафонова атты бүлдіршіндер «Көңілді бала», «Бала тілді бала», «Өнерлі бала», «Зерек бала», «Сүйкімді бала» номинациялары бойынша марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге қосқан үлестері үшін Таврия орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Дамдибаева, С. Толымханова, С. Шорманова аудан әкімі орынбасарының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив