KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Тишин кенішінің 50 жылдығын атап өтті

8.06.2012, 18:00 85


Риддер қаласының тұрғындары «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты Тишин кенішінің 50 жылдығын атап өтті.

Жарты ғасырлық мерзім ішінде бұл кеніште 52 миллион тонна кен жыныстары қазылып, игерілген. Оның төрт миллион тоннасын мырыш құрайды.

Қазіргі кезде кеніштің төңірегіндегі пайдалы қазбаларға барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Білікті мамандардың айтуынша, жер астындағы игерілетін кен қоры да жеткілікті екен.

Бұл күндері кеніш өздігінен жүретін заманауи жер асты техникаларымен және жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұндағы істелініп жатқан жұмыстар толықтай механикаландырылған.

Кеніштің тұрмыстық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кеншілердің демалатын орындарында барлық жағдай жасалған. Ал дәрігерлік пунктте бес мың адамға қызмет көрсетіледі. Кеніштің жарты ғасырлық мерейтойына жиналған қауым әртүрлі конкурстарға, сұрақ-жауап ойындарына қатысып, жеңімпаздар жүлделер-мен, сыйлықтармен марапатталды. Олар сондай-ақ, қала өнерпаздарының концертін тамашалады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив