KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 5 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Ескі көпір жөнделмек

13.12.2017, 09:15 165

Семейде жарты ғасыр бұрын салынған ескі көпір жөнделмек. Қала әкімі Ермак Сәлімов көлік жүретін ескі көпірді жөндейтін кез жеткендігін атап өтті. Оның айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы да қарастырылған.


Мамандар көпірдің апатты жағдайда екендігін айтып, дабыл қаққалы бірнеше жылдың жүзі болды. Тозығы жетіп, сүйеу бағандар әбден мүжілген көпірді жөндеуге 37 миллион теңге бөлінді.


Бұл көпірде жол апаттары да жиі орын алуда. Қала әкімінің айтуынша, жөндеу жұмыстары басталмас бұрын көпірге сараптама жасалады. Сондай-ақ әкім жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды алып тастау және машина жүретін жолақты кеңейту көзделіп отырғандығын атап өтті. Жұмыстар биыл басталады деп күтілуде.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив