KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
439.4 473.54 4.76

RADIO ALTAY жаңалықтары - 6 маусым 2012 жыл

5.06.2012, 18:00 121


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY


RADIO ALTAY жаңалықтары - 6 маусым 2012 жылСәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы болды. Мәжілісте Шығыс Қазақстандағы қылмыстық жағдайға және шекаралық аудандардағы қоғамдық тәртіпті нығайту жұмыстарына қатысты бірқатар өзекті проблемалар талқыға салынды.

Елордада өткен V экономикалық Астана форумы аясында Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының мәжілісі болды. Мәжілісте елдегі ғылынның дамуына зор үлес қосқаны үшін Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың директоры, академик Қайрат Қадыржанов «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев» атындағы алтын медальмен марапатталды.

Өскемен қаласының әкімдігі мен «Қаражыра ЛДП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марғұлан Макишев арасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға жеңілдетілген бағаға көмір жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Биыл өскемендіктер бағасы төмендетілген 40 мың тонна қатты отынмен қамтамасыз етілмек.

Семейдегі орталық алаңда мектеп бітірушілерге арналған «Мамандығым-мақтанышым» атты акция өтті. Бүгінде облыс көлемінде техникалық және кәсіби білім алу үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Кәсіби білім беретін оқу орындарын жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 960 миллион теңге бөлінген.

Жарма ауданының Шалабай ауылындағы орта мектеп басшылығы биыл балаларды экологиялық туризм жобасы бойынша жорыққа шығаруды жоспарлап отыр. Оқушылар Қызыл су өзендері бойынша саяхаттап, Қарашоқы көлінен балық ауламақ көрінеді.

Күршім ауданының Ақбұлақ ауылындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын-сазгер Нәбиолда Кемешевтің «Ата-анаңды ардақта» атты кеші өтті. Кеште жиналған қауым сазгердің әндерін орындап, өлеңдерінен үзінділер оқыды. Ақын өзінің шығармашылығы туралы айтып берді.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив