KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 1 м/с, СШ
464.72 496.32 5.4

RADIO ALTAY жаңалықтары - 18 қыркүйек 2012 жыл

17.09.2012, 18:00 136


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскеменге жұмыс сапармен Қазақстан республикасы парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған он бес депутаты келіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге әлеуметтік, мәдени және ғылыми нысандарды аралап, комитеттің көшпелі мәжілісін өткізді.

Өскеменде алғаш рет шымылдығын түріп отырған «Ағажай-Алтай» республикалық фестивалі өтті. Оған бұрынды –соңды облыс пен қаланы басқарған әкімдер, өнер жұлдыздары қатысты.

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ жұмыс сапарымен Зырян ауданында болып, құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге тұрғындармен кездесулер өткізді.

Өскемен қаласының туған күніне орай «Казцинк-Торпедо» командасы өз жанкүйерлеріне жеңіс сыйлады. Ресейдің Саратовынан келген қонақтарды біздің жігіттер 4:2 есебімен ұтты.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив