KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Аллергияның алдын алу жолдары қандай?

4.06.2012, 18:00 235



- Қазір ересектермен қатар жас нәрестеге дейін аллергиямен ауыратын болды. Аурудан түбегейлі айықтырмаса да, оның алдын алудың қандай шаралары бар?

Гүлжанар Айтахметқызы

Бұл сұраққа аллерголог-дәрігер Сағила Сағынтайқызы жауап береді:

- Аллергияның басты қоздырғышы – шаң. Ал шаңның басты жауы – су. Осы орай¬да үй жағдайында мынадай кеңестерді орындаған жөн:
* күн сайын үйде еденді жуып, шаң¬ды сүртіп отыру қажет;
* ауаны ылғалдандырғыш орнатқан абзал;
* шаш – көшедегі шаң-тозаңды жи¬нап, үйге микроб пен бактериялар таси¬тын құрал, сондықтан отбасы мү¬ше¬ле¬рі күн сайын шашты жуып отыруы қажет;
* киімдер, төсек жамылғыларын жиі-жиі алмастырып, жуып отыру керек;
* үй өсімдіктері аллергияның қоздырғыштарына жатады, әсіресе ла¬лагүл (лилия), орхидея секілді гүлдерді ұстаудан сақ болыңыз;
* терезеге дәкені сулап іліп қою керек;
* сулы шаңсорғыш қолдансаңыз, тіпті жақсы.

Аллергиямен науқастанатын адамдар күнделікті ас мәзірінде цитрусты жемістер, жұмыртқа, балық, бал сияқты аллергияны қоздыратын азық-түліктерді мөлшерден тыс пайдаланбағаны дұрыс.

Бала киімін жуғанда, тек бала¬ның киімін жууға арналған тұрмыстық химия алсаңыз да, тағы қайтара шаюды ұмытпаңыз. Қайтара шаю химиялық қос¬палардан арылуға көмектеседі. Тұрмыстық химияны дұрыс таңдаңыз: алдымен иісіне мән беріңіз, бұр¬қыраған иісі болмауы керек, иістендіргіш қосқан затты алуға болмайды; бағасы тым арзанға жүгір¬меңіз; барынша өсімдік және минералды негізде жасалған, мұнай өнімі жоқ затқа мән бе¬ріңіз. Дақ кетіргіште ацетонды зат болмауы керек; бала терісінің қауіпсіздігіне қандай да бір институт (аллергология институты, им¬му¬нология клиникасы, т.б.) арқылы тек¬се¬ріл¬гендігіне қараңыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив