KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

Өскеменде Қайсенов турнирі мәресіне жетті

29.05.2012, 18:00 176


Өскеменде 1996-1997 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар арасында бокстан Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған турнир өтті.

Аса тартысты өткен айқастарда қыздар арасында жекелей салмақ дәрежелері бойынша өскемендіктер Айсұлу Бимурзина, Айгерім Рахатова жеңімпаз атанды.
Ал жасөспірімдер арасында Мағжан Шаймұратов, Ілияс Қадыров, Мәнап Темірлан (Өскемен), Олжас Базарбеков (Ұлан ауданы), Нұрбек Жұрымбаев, Рауан Отаржанов, Алдияр Аманжолов (Семей), Арнал Қанапиянов (Бородулиха ауданы), Мәди Жетпісов, Әділет Серіков, Биғарыс Мұфтиев (Тарбағатай ауданы), Марат Садуев, Жалғас Әділбеков (Катонқарағай ауданы), Әлімғазы Әли (Жарма ауданы) бірінші орын алды.

– Бокс бұқаралық сипат алып, жас ұландар арасында өте қарқынды дами бастады. Бұл жарыс көрермен көңіліне жақсы әсер қалдырды. Біздің мақсаты-мыз – талантты жастарды іріктеп, қатарға қосу, халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау, – дейді талай өрендерді баптап шыңдаған Қазақ-станның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бағлан Райымханов.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив