KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Саусақ сытырлатқан зиян ба?

29.05.2012, 18:00 229


– Менің қызым саусақтарын сытырлатқанды күнде-лікті әдетіне айналдырып алды. Саусақ сытырлатқан денсаулыққа зиян емес пе?

Майгүл Жиенбаева,

Өскемен.

– Иә, адамдардың көпшілігі саусақтарын сытырлатқанды ұнатады. Кейбіреулерге сау-сақтың сытырлаған дыбысы сүйектен шығатындай, қызық көрінеді. Ал шындығында мүл-дем олай емес. Негізі сүйек-тердің бір-біріне жалғасқан жерінде буындардың еркін қоз-ғалуына мүмкіндік беретін капсула орналасқан.

Капсуланың ішінде сұйық күйінде оттегі, азот және көмірқышқыл газы бар. Саусақтарымыз қимылдаған кезде ішіндегі капсула да әрекетке түседі. Керілген капсуланың ішіндегі қысым төмендеп, соның әсерінен газ түйіршіктері жарыла бастайды. Біздің естіп жүрген сытырлаған дыбыс міне – осы.

Егер саусағыңызды сытырлатып жатқан кезде рентген сәулесіне түсіруге мүмкіндігіңіз болса, газ түйіршіктерінің жарылып жатқа-нын көзбен көруге болады. Жарылған газ түйіршіктері капсуладан бөлініп шығады да, сүйектердің еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Буындарыңызды бірінен соң бірін қайталап сытырлата алмайсыз. Себебі, капсулаға газдың қайта жиналуы үшін біраз уақыт керек. Ғалымдар мұны тәжірибе жүзінде дәлелдегенімен, аз ғана газдың мұншалықты орасан зор дыбыс шығаруын түсіндіре алмай келеді.

Ал саусақты сытырлатқан қаншалықты зиянды? Мұны әдетке айналдырғандардың құлағына алтын сырға, саусақ сытырлаған кезде сүйектің айналасындағы жұмсақ нерв талшықтары өліп, буынның ісінуіне алып келеді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив