KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Рыпакова Дохадан олжамен оралды

15.05.2012, 18:00 216


Өскемендік жеңіл атлет Ольга Рыпакова «Гауһартас» лигасының бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Ольга Дохадағы жарыста үш қарғып се-кіруден 14 метр 33 сантиметрді бағындырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Екі сантиметр айырмасымен бразилиялық Шейли да Силва күміс жүлдеге ие болды.

Спорт биіктерінің талай-талай белестеріне көтерілген Ольга бұған дейін де Катар астанасындағы кешенде жақсы өнер көрсетіп, өз шеберлігімен әлемді таңдандырған еді. Нақты-рақ айтқанда, осыдан екі жыл бұрын жабық кешендегі әлем чемпионатында өскемендік өрен топ жарып, алтыннан алқа таққан бо-
латын. Бұл жолы да шеберлік деңгейі басқаларға қарағанда жоғарылау екенін дәлелдеді.

Жанкүйерлер мен мамандар Ольга Рыпа-кованың Лондон Олимпиадасында алтыннан алқа тағып, көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқата алатын мүмкін-дігі бар екенін мақтанышпен айтып, үміт артып отыр. Жерлесіміздің жемісті де жеңісті жолдары жалғаса берсін демекпіз.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив