KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ольга Рыпакова «Гауһар лиганың» бас жүлдесін иеленді

12.06.2012, 18:00 230


Қазақстандық үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова Нью-Йорк қала-сында аяқталған «Гауһар лиганың» алтыншы кезеңінде жеңіске жетіп, халықаралық жарыстың бас жүлдесін иеленді.

Өскемендік жеңіл атлет бірінші мүмкіндігінде 14,71 метрге қарғып, турнирдегі ең жоғары нәтижеге жетті. Бұған қоса ол өзінің жеке рекордын да жаңартты. Ал күміс медаль 14,45 метрлік көрсеткіште қарғыған ямайкалық Кимберли Уильямсқа бұйырды. Үшінші орын алған кубалық Яргенис Савиньенің нәтижесі – 14,08 метр.

Естеріңізге сала кетейік, Ольга Рыпакова осыған дейін Дохадағы кезеңде 14,33 метрлік көрсеткішке жетіп, алтын медальды жеңіп алған болатын. Ал Римдегі кезеңдік жарыс-та өскемендік өрен украиналық Ольга Солодухадан (14,75 метр) екі сантиметр ғана ұтылып, күміс жүлдені иеленген еді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив