KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Күршімдіктер аудан жаңалықтарын таблодан оқитын болды

6.05.2012, 18:00 117


Күршім ауылының тұрғындары соңғы бірер айдың көлемінде орталықта орнатылған электронды таблодан ақпарат алып отыр.

Шалғай аудандарды ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етудің бастамасы болып табылатын бұл қондырғының іске қосылуына аудан әкімі Алтайбек Сейітов мұрындық болған-ды. Бағанды өскемендік «Риа-центр» жарнама фирмасы орнатты.
– Жүгіртпе жол арқылы аудан бойынша ақпарат беріліп тұрады. «Риа-центр» фирмасының үш өкілі қондырғыны екі күн ішінде орнатты. Монтаждау жұмысының жедел аяқталуына Н.Оразбеков басшылық ететін коммуналдық шаруашылықтың жұмысшылары мен кәсіпкер Е.Сқақов берген автокран үлкен көмек жасады, – дейді осы іс-шараның басы-қасында жүрген Ш.Тойбаев.
Аудан әкімі аппаратының бағдарламашысы Дастан Есенжарұлы электронды таблоға күнделікті ақпарат енгізіп отырады.
– Жүгіртпе жолға күн сайын ішкі саясат бөлімінің мамандары дайындаған ақпаратты енгізіп отырамын. Бұл ноутбук арқылы жүзеге асырылады. Табло аудан жаңалықтарымен қатар ай-күнді, сағатты және ауа температурасын көрсетіп тұрады, – дейді ол.
Аудан орталығын абаттандыру жоспарына сәйкес аудан әкімдігі мен аталған фирма арасында Күршім ауылын безендіру бойынша серіктестік жұмыстар жалғасын тауып, келіссөздер жүргізілуде. Жарнама фирмасы Күршім ауылындағы көрнекті ғимараттардың суреттерін түсіріп, тиісті сызбалар жасап әкетті. Фирма мамандары қоғамдық нысандардың безендірілуін осы жазбалар бо-йынша жүргізіп, арнайы альбом жасайды. Ал аудан басшылығы ұсынылған үлгілерден тартымды және тиімді деген нұсқаларды таңдап алмақ. Демек, біраз уақыттан кейін Күршім көшелері неон шамдарының жарқылына бөленіп, ажарлана түсетін болады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив