KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 3 м/с, ОБ
443.03 480.38 4.91

Ұлан ауданында қоян етін өңдейтін кәсіпорын іске қосылды

25.10.2017, 10:38 100

Ұлан ауданында қоян етін өңдейтін кәсіпорын іске қосылды. Бұл туралы аудан әкімі Дәулет Батырбаев баспасөз-мәслихатта айтты.


-«ЕСО Product» ЖШС қолға алған бұл жобаның келешегінен үлкен үміт күтіп отырмыз, - дейді аудан әкімі.


Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде ашылған кәсіпорын жылына 20 тонна қоян етін өндіреді. Қазір қолда 1000 бас қоян бар. Өндірілген еттің негізгі бөлігі «Керемет қоян» деген брендпен экспортқа шығарылмақ. Ұланның қоян етін жегісі келгендер оны Өскемендегі «Арзан», «АДК», «Сити центр», «Фреш» дүкендерінен таба алады. Қарағанды және Павлодар қалаларына жеткізу де жолға қойылыпты. Айналасы төрт айдың ішінде осынша нарықты жаулап үлгерген зауыт бір жарым айда бір рет 350-400 бас қоянды пышаққа жығады.


Тоғыз айдың ішінде аудандағы ауыл шаруашылық өнімі 14,6 пайызға артып, мал саны 58,5 мыңға жетіп отыр. Оның ішінде жылқы басы екі пайызға, ұсақ малдың басы 36,1 пайызға, құс саны 8,1 пайызға өскен.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив