KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Достық эстафетасын керекуліктерге тапсырмақ

2.05.2012, 18:00 158


Шығысқазақстандықтар «Достықтың жол картасы» атты тағы бір жаңа акцияның бастамашысы болды.

Бүгін Достық керуені Шығыс Қазақстаннан Павлодар облысына аттанды. Оның жоспарланған шараларының бағдарламасында баспасөз мәслихаттарын, көрмелер, концерттер мен «дөңгелек үстелдер» өткізу бар, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған Altaynews.kz тілшісі.

Іс-шараны өткізуді ҚР Президенті Нұрұслтан Назарбаевтың Шығыс Қазақстан жұртшылығымен Өскемен қаласында болған кездесуінде аймақтың этномәдени бірлестіктерінің басшылары ұсынған болатын.

«Достық керуені 24 сәуірде Курчатов қаласындағы тоғыз Достық үйінің ең жасынан аттанды. Бұдан кейін символикалық эстафетаны павлодарлықтарға тапсыруды жоспарлап отырмыз. Акция Астана қаласында, оның туған күнінде бүкіл елдің этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірігуімен аяқталады. Және сол уақытқа дейін астанада Этноауыл салынса, біз онда ағаштар отырғызып, көгершіндерді ұшырамыз», - деп мәлімдеді облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубеков.

Павлодардағы баспасөз мәслихатынан кейін Павлодар Достық үйінде «дөңгелек үстел» отырысын өткізу жоспарлануда. Көршілес жатқан өнеркәсіп қаласының тұрғындарына шығысқазақстандық қолөнершілердің сәндік-қолданбалы өнерінің көрмесі ұсынылады.

Достық керуені 5-мамыр күні Ақсу қаласына да соғады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив