KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 2 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

О.Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» туындысын кітапхана сайтынан да оқуға болады

25.04.2012, 18:00 273


Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Бір ел - бір кітап» іс-шарасының биылғы жылға арналған ашылу салтанаты болды.

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Фариза Оңғарсынова бастаған «Бір ел - бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті мүшелерінің шешімі бойынша биыл Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным?» кітабын оқу таңдалған болатын.

Шара барысында М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ профессоры Серікқали Шарабасов Оралхан Бөкейдің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы әңгімеледі.

Жиылғандар «Оралхан - Алтайдың ақиығы» атты көрмені тамашалады. Мұнда «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім» секілді шығармалар жинағы мен баспасөз беттеріне жарияланған Оралхан Бөкей жайлы естеліктер қойылған. Орыс тіліне аударылған шығармалары да бар. Көрме жыл бойына акция аяқталғанша жұмыс жасамақ.

Ғаламторда Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың сегіз жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан www. Zkolib. Kz арнайы сайты бар. Сайттағы «Бір ел - бір кітап» деген арнайы беттен аталмыш акция жөнінде кең мағлұмат алуға, сондай-ақ Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер оқуға болады. Оралхан шығармаларын көпшілікке насихаттау бағытында жыл бойына ұйымдастырылатын шаралар да көрсетілген. Сайтта биыл ел болып оқитын «Қайдасың, қасқа құлыным?» әңгімелер жинағының да электронды нұсқасы толық берілген.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив