KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3,5 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Шығыс ауылындағы мектептен ши шыға бастады

18.04.2012, 18:00 220


Жуықта ғана бүкіл республика көлеміндегі ақпарат құралдарының бас тақырыбына айналған Қарағандыдағы алып ғимараттың құлауы еліміздегі құрылыс жағдайының бетпердесін ашып берген сыңайлы. Иә, жабулы қазанның қақпағы ашылды. Ал біздің облыстағы құрылыстардың жай-күйі қалай?


Шынын айтсақ, оларға күлер жайымыз жоқ. Өскемен қаласындағы №33 мектептің бүгінгі жай-күйін тілге тиек етсек жоғарыдағы сұрақтың жауабы табылар.

Бұл айтып отырғанымыз – «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша Өскеменнің іргесінен бой көтерген Шығыс ауылының мектебі. Бұл мектептің тұсаукесерінде жоғары лауазымды мықтылардың «Мұндай мектептер елімізде саусақпен санарлық» деп мақтағанын да өз құлағымызбен естігеніміз бар.

Көрген елдің таңдайын қақтырмай қайтсін. Сыртқы ауданы 4,5 гектарды алып жатқан жалпақ жазықтың төсіндегі жалпы құрылысы 7288,5 шаршы метр мектеп 600 балаға арналған. Құрылысқа жұмсалған қаржы да адам қызығарлықтай: нақты айтқанда 877234,21 мың теңге жұмсалыпты. Осынша айды аспанға шығарған құрылыстан бір жылға жетпей «әңгіме» шыға бастады.

Шығыс ауылындағы мектептен ши шыға бастадыМектеп директорының кеңсесіне кіреберістегі бөлменің бір жақ қабырғасына көлденеңінен сызат түсіпті. Араладық. Асхананың ішкі бөлмесіндегі жағдайдан адам шошиды. Бұрыштағы қоспалар бір-бірінен ажырап кеткен. Үстіңгі қабаттан аққан судың орындары да «мені көрдің бе» дегендей, қарақошқылданып тұр. Кейбір бөлмелердің қабырғалары қопсып, түлеп жатыр.

Ең қорқыныштысы, үстіңгі қабаттан бастап жарылған сызық бірінші қабатқа жеткен. Оны мектеп құрылысын жүргізген мердігер компания өткенде келіп, жамап- жасқап кетіпті. Бірақ жарылған жердің кішігірім жөндеуге көнгісі келмей-ақ тұр. Бейне бір беті тыртық адамды жасандырғандай, жарылған жерге жаққан дүниелері ештеңені жасыра алмапты. Ол ол ма, ғимараттың жертөлесі де тұп-тура көлшікке айнала бастаған.

Құрылысқа жауапты адамдар келіп, көріп: «бұл қалыпты жағдай» деп кеткен, – дейді мектеп директоры. Мектеп басшысының айтуынша, мердігер компания екі жылға дейін жауапкершілік арқалайтын көрінеді. Ал одан кейінгі жауапкершілікті кім мойнына алатыны белгісіз.

Шығыс ауылындағы мектептен ши шыға бастадыӨскемен қалалық құрылыс бөліміндегі «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша жүргізілген құрылысқа жауапты мұндағы азаматтардың бұл мектептегі жәйден еш хабары жоқ болып шықты. Мейлі, олар білмесе, білмей-ақ қойсын.

200-ден астам қазақтың қара көз баласы оқып жатқан шаңырақ оқыстан опырылып кетіп, опық жегізіп жүрмесе болғаны...

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив