KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
476.27 515.47 5.41

27 жыл тоқтап тұрған мектеп құрылысы жанданды

2.07.2013, 18:00 135


Шемонайха ауданының Октябрьский елді мекенінде 180 орынға арналған орта мектептің іргетасы қаланды , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауыл тұрғындары үшін жаңа мектептің құрылысы өте маңызды. Іргетасы 1986 жылы құйылып, кейіннен заманның тоқырауына байланысты тоқтап қалған мектеп құрылысы осы уақытқа дейін көңілді құлазытып тұрған еді.

«Өскемен құрылысы» ЖШС (директоры Е.Сқақов) ғимараттың ескі іргетасын бұзып мектеп құрылысын бастап кетті. Мектептің құрылысы 2014 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Құрылысшылар шемонайхалықтарға мектепті уақытында және сапалы салып беруге уәде етті.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив