KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 5,2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Нақты ғылым өкілдері бас қосты

15.04.2012, 18:00 274



Шығыста тұңғыш рет математика және физика пәндері мұғалімдерінің облыстық форумы өткізілді.Облыстың түкпір-түкпірінен жиналған физиктер мен математиктер, білім ошақтарының директорлары, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің кең мәжіліс залына лық толды.

Облыс Әкімінің орынбасары Е.Көшербаев форумға қатысушыларды оның басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Форумның пленарлық бөлімінде төрт мәселе қаралды. Сөз болып отырған саланы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірудің басым бағыттары жөнінде басқарма бастығы М.Ахметова ақпарат берсе, педагог мамандарды білім беру жүйесін жаңғырту шарттары бойынша дайындау мәселелері туралы Семей педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі А.Едікенова баяндады.

Ал мамандандырылған мектептерде дарындылықты дамыту турасында әңгімелеген Өскемендегі №25 мектеп-лицейінің директоры И.Трунова әр баланың бір-бір дарын иесі екенін, баланың бойындағы талап пен талантты ерте байқау үшін диагностикаға көп көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.

Соңғы болып сөз алған Зайсан ауданындағы Амангелді атындағы мектептің математика мұғалімі Г.Сәбиеваның сөзі жиналғандарға ерекше әсер етті. Теория мен практикаға бай ұстаз қазақ тілді математика оқулықтарында Дэйл, Гик, Том сияқты есімдердің орнына құрастырушылардың қазақша есімдерді қоюға саналары жетпегініне қынжылыс білдіріп, бастауыш сыныптардың математика оқулықтары тым ауыр екендігін де қозғады.

Пленарлық отырыстың соңында аталған пәндер бойынша республикалық және халықаралық дәрежедегі білім сайыстарында жетістіктерге жеткен бір топ ұстаздар мен ғалымдар марапатталды.

Өскемен қалалық білім бөлімінің бастығы А.Кузнецов бүгінде облыс орталығының өзінде білікті ұстаздарға тапшылық байқалып отырғанын, бұл тапшылықты мұғалімдерге магистр атағын берумен шешу мүмкін емес деген пікірін айтты.

Басқарма бастығы Мәдениет Ахметова алдағы уақытта облыстық деңгейдегі мамандандырылған лицейлер ауылдық білім ошақтарымен тығыз байланыста, ал жоғары оқу орындары мектептермен серіктестік тұрғысында жұмыс істейтінін жеткізді.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив