KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1,2 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Педагогтар тәжірибе алмасты

20.04.2012, 18:00 137



Зайсанда облыстағы бірнеше аудан мен қаланың білім бөлімдерінің бастықтары, мектеп директорлары болып, облыстық семинар өткізді.Семинарға қатысушылар бірнеше мектептің көгалдандыру, көркейту ісімен, жылыжайлар мен саябақтардағы жұмыстарымен танысты.

Семинарға қатысушыларды алдымен С.Зәкиев атындағы саябақта Ломоносов атындағы орта мектептің саябағында болып, Ю.Гагарин атындағы мектептің пән кабинеттерін, залдарын аралап көрді.

- Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсатында Зайсанда қолға алынған шаруалар өзгелерге үлгі болсын деген ниетпен облыстық семинарды әдейі осы жерде өткізіп жатырмыз. Зайсандағы мектептерде жас жеткіншектерді құнарлы тағаммен ауқаттандыруға баса назар аударылып, ас мәзіріне үнемі көкөніс, сүт, бал қосу жүйелі жолға қою іске асырылуда екен, - деп атап өтті облыстық білім басқармасының басшысы Мәдениет Ахметова.

Айтса-айтқандай, өңірде аудан әкімінің тапсырмасымен қыруар қаражат шығармай, қарапайым тәсілді пайдалану арқылы жылыжай салынып, оның өнімдері мектеп асханаларының дастарқанын толтыруда.

Қара шаңырақ саналатын М.Әуезов атындағы орта мектепке ат басын тіреген қонақтар атқарылып жатқан игілікті істермен, жылыжайдағы тіршілікпен танысты. Жылыжайдағы жаңа піскен қиярдан дәм татқандар мектептің ішін және ауласын, ботаникалық бақты аралау барысында өздеріне ұнаған көрнекіліктер мен әдемі көріністерді суретке түсіріп жатты. Одан кейін семинар Қарабұлақ және Кеңсай ауылдарындағы орта мектептерде жалғасты.

Облыстық семинар түстен кейін аудандық мәдениет үйінде жалғасып, оған облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев қатысты. Аудандық білім бөлімінің бастығы С.Әбдіғалиева «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауынан туындайтын аудандық білім бөлімінің сапалы білімге бағытталған жұмыстары туралы», облыстық қосымша білім беру және денешынықтыру орталығы директорының міндетін атқарушы Н.Королева «Жазғы демалыс – 2012» атты тақырыпта хабарламалар жасаса, М.Ахметова ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы жылғы ерекшеліктері туралы баяндады.

Семинар-кеңесті облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев қорытындылап, ауданда атқарылып жатқан істерге оң баға берді және мұғалімдердің биылғы облыстық тамыз мәслихатын Зайсан қаласында өткізу туралы өз ұсынысын айтты.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив