KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,1 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Тәжірибелік тренингтер өткізілді

14.04.2012, 18:00 53


Қазіргі күні ішкі істер органдарында психологиялық қамтамасыз ету қызметінің маңызы ерекше.Жуықта Алматы қаласында ішкі істер органдары инспектор-психологтарының қатысуымен қазіргі жағдайлардағы ІІО қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық дайындығының рөлі деген тақырыпта республикалық семинар өткізіліп, оған Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің инспектор-психологтары да қатысты.

Алматыдан келгеннен кейін, алған тәжірибені пайдалану үшін ШҚО ІІД Кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологы, полиция капитаны В. Бережная Шемонаиха ауданы ІІБ жеке құрамымен шығу практикалық сабағын өткізді.

Бірінші бөлімге келіссөз жүргізу қызметімен таныстыру мақсатында жеке құраммен әңгімелесу өткізілді, соның нәтижесінде білім деңгейі анықталды. Әрі қарай, Шемонаиха ауданы ІІБ қызметкерлерін оқыту мақсатында мәжіліс залында Москва қ. үлгіге ала отырып шын жағдайлардағы көрнекі материалдарды көрсету арқылы «Кепілге алған кездегі келіссөзді ұйымдастыру және оны жүргізудегі ІІО қызметкерлерінің іс-әрекеттері» тақырыбында лекция оқылды.

Полицейлер келіссөз жүргізу ережелерін, келіссөз тобының міндеттерін, келіссөз қызметіндегі психологиялық тәсілдерін, сондай-ақ қылмыскерлердің әлеуметтік түрлері және олармен жұмыс істеудің психологиялық әдістерін қарастырды.

Сабақтың екінші бөліміне қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қатысты. Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерді бекіту үшін шындыққа сай «Кепілге алу кезінде келіссөздер жүргізу» тренингтік практикалық жаттығуы өткізілді. Әр түрлі ғимараттарда тұрып, келіссөз жүргізуші-қызметкерлер рация арқылы террористтердің жай-күйін түсінуге, психологиялық бейнесін құрып, кепілге алынғандарды босату үшін әдістер табуға тырысқан.

Ең белсенді қатысушылар: полиция капитаны Серік Уразов, полиция аға лейтенанты Шұқалақов Дулат, полиция лейтенанты Сағымбаев Қанат, Жұмағұлов Жомарт және Тюебаева Назгүл, полиция сержанты Рүстемов Ернар, және де барлық топ тапсырманы табысты орындап, өткен тақырып бойынша сынақ алды.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив